Құрметті келуші!

vp.sko.kz электорнды мекенжайда орналасқан қоғамдық қабылдау қазақ және орыс тілдерінде сүймелденеді. Сіздің сұрағыңызға жауапты тездету үшін мәселенің мән-жайын анық және қысқа мазмұндауыңызды өтініп сұраймыз. Сұрақты қоймай тұрып, қала және аудан әкімдерінің, облыстық мемлекеттік орган басшыларының сайттарындағы материалдардан жауабын іздеп көру қажет. Сіздің сұрағыңызға жауап болуы мүмкін, Сіз қажетті ақпаратыңызды осылайша оңай ала аласыз. Өтінеміз, сауатты жазып, ойыңызды дұрыс жеткізіңіз.

Тіркелу кезінде ЖСН, пароліңізді, электронды, пошталық мекенжайларыңызды, телефоныңызды көрсету қажет.

Өзіңіз көмегіне жүгініп отырған мемлекеттік орган басшысының атына дөрекілік сарыны болған, мемлекеттік тіл және халықаралық байланыс тілі қағидалары мен нормаларын елемеушілікке жол берілген арыздарға оның мазмұнына қарасмастан блок қойылады және қаралмайды.

Модератордың арыз мәтіндерді мәселенің негізгі мәнін өзгертпей түзетуге, көрініп тұрған қате басылымлар мен грамматикалық қателерді түзетуге құқығы бар.

Арыз мын жағдайларда жарияланбайды (модерлендірілмейді), егер онда:

  • Шешу тәртібі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамада, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық және басқа заңнамаларда белгіленген мәліметтер болса;
  • Мемлекеттік құпиялардан, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын құпиялардан құралған мәліметтер болса;
  • Талқыланып отырғанға басқа қатысушылар, нақты тұлғалар немесе ұйымдар туралы қорқыту және балағаттау, жала тағу және субъективті сипаттағы жағымсыз сөздер және жалған мәліметтер болса, басқа этностардың, конфессилардың өкілдеріннің құқықтарын бұзушылық, кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзушылық, кез келген нышанда оларға зиян келетін болса;
  • Есірткі және психотропты заттарды пайдалануды насихаттау элементтері, алкогольдік, темекіні жарнамалау, порнографиялық және сексуалды-эротикалық сипаттағы ақпараттар болса, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау, әлеуметтік, нәсілдік, діни, сословиелік және болмыстық жаратылысы бойынша кемсіту болғанда;
  • Спам, жарнамалық ақпараттар болғанда, коммерциялық мақсатты көздегенде;
  • Балағат сөздермен және оның туындыларымен жазылса, оған қоса оны анықтамаға жататын лексикалық бірліктерді қолдануға тұпалданғанда (балағат сөздері бар хабарлама автоматты түрде жойылады);
  • Үшінші бір тұрғалардың жеке деректерін олардың келісімінсіз жарияласа;
  • Кез келген қолданылып отырған құқық нормалары бұзылса.

Сіздің облыс әкіміне жолдаған арызыңыздың барлығында жеке сипаттағы, нақты адамның –облыс тұрғынының мәселесіне субъектівті пікірлер мен көзқарастар көрсетіледі, сондықтан бұдан былай «қонақ», «белгісіз», «жақсылық ойлаушы», «бір топ жолдастар», «ауыл тұрғындары» және т.б. никтерді пайдалануға жол берілмейді.

Қоғамдық қабылдауды жарнамаға арналған пошта тақтасы ретінде пайдалануға, үшінші бір тұлғалармен мәселелерін талқылауға, басқа нақты әңгімелесушіге жолданған бейресми сипаттағы хабарламалар үшін пайдалануға жол берілмейді.

Ондай болғанда осы сұрақтар мен сілтемелерді модератор жойып жібереді.

Қоғамдық қабылдауға түскен арыздардың авторлары туралы ақпарат қатаң құпия сақталады.



Артқа